ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

  Сіздерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазакстан Мемлекеттік университетінің (ОҚМУ) сырттай бөлім факультетінің сайтына қош келдіңіздер!
      ОҚМУ - жоғарғы дәрежедегі мамандарды дайындауда 65 жыл тәжірибесі бар мемлекеттік университет. Жоғарғы оқу орындарының рейтингтеріне сәйкес, ОҚМУ дәстүрлі түрде Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының арасында алдағы қатарда келе жатқан университет. Білім сапасы және техникалык жабдықталуына бойынша университет еліміздің ең мықты жоғарғы оқу орындарының санына кіреді.      Он жылдан астам, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті белсенді түрде оқу процесінде заманауи білім беру технологияларын іске асыруда, соның ішінде қашықтықтан білім беру мен компьютерлік оқыту технологиялары.
     Университетімізде жаңа е-learning (электрондық окыту) технологияларын ендірілуде.
     Е-lеarning - бұл электрондык формада Интернет аркылы оқу және Интернет арқылы оқытуды басқару жүйесін қолдану. Қазіргі кезде ОҚМУ Қазақстан бойынша университеттер бойынша электронды окыту облысында көшбасшы университеттердің бірі.      Білім беру үрдісіне қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуде және дамытуда ОҚМУ жалпы дүние жүзілік тенденцияларды басшылыққа алады. Университетте заманауи Электронды университет қалыптастыруды мақсат тұтып, материалдық-техникалық базаны дамытуға, электронды оқыту әдістемесін жетілдіруге, электронды контентті жасауға көп көңіл бөлінуде.
     ОҚМУ-де сыртқы бөлімде 64 мамандық бойынша, соның ішінде, арнайы орта және жоғарғы білім негізінде қысқартылған бағдарламалармен жоғарғы білімге ие бола аласыз.
     Негізгі принциптері Лиссабондык конференция мен Болонья декларацияларында жарияланған заманауи халықаралық білім беру кеңістегіне тән жаңашылықтарға Сырттай окыту факультетінің ұжымы ашық. Университетімізде осыған сәйкес үш деңгейде экономикалық секторға, ғылым және мәдениет саласына аймақтық, ресупбликалық және халықаралық кеңістікке мамандарды дайындау жүргізіледі.
     Деканат Сіздерді Қазақстанның барлык халықтарының дамуы мен гүлденуіне бағытталған осы аб
ыройлы іске қатысуға шакырады.