ТИІМДІ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР:

  • • сессияаралық кезеңде оқу үдерісінен шеткері қалмай, оқытушылармен қарым-қатынастаболады;
  • • жетекші оқу орындары мен ғылыми мектептердің зияткерлік ресурстарына, ақпараттық ресурстарға, электрондық оқулықтарға іс жүзінде шексіз қол жеткізу;
  • • сессияға Шымкент қаласына жылына екі рет келуі мүмкін;
  • • электронды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген;
  • • университеттің ақпараттық-білім беру жүйесіне қол жеткізе алады;
  • • тапсырмаларды орындау, сайтпен жұмыс уақытын өз бетінше таңдай алады.

ДӘСТҮРЛІ СЫРТТАЙ ОҚЫТУ ТҮРІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ІШІНДЕ:

Ұтқырлық

Оқытушылармен, репетиторлармен байланыс түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: on-line, сондай-ақ off-line. Электрондық пошта арқылы тьютормен кеңесу күндізгі оқу кезінде жеке кездесуді тағайындауға қарағанда, кейде тиімді және жылдам.

 

Оқу материалдарының қолжетімділігі

Қашықтықтан білім алушыларға оқулықтардың, тапсырмалар жинақтарының, әдістемелердің жетіспеуі сияқты проблема бейтаныс. Университет сайтында тіркелгеннен кейін студент барлық қажетті әдебиеткеэлектронды кітіпхана арқылықол жеткізе алады немесе ол оқу материалдарын пошта арқылы алады.

 

 

Қашықтықтан білім беру арзан

Егер жеке алынған мамандық бойынша күндізгі және қашықтықтан оқытуды коммерциялық негізде салыстырсақ, екіншісі арзан болады. Студентке жол, тұру ақысын төлеу қажет болмайды, ал шетелдік ЖОО-да оқитын болса визаға және шетелдегі төлқұжатқа шығындалудың қажеті жоқ.

 

Тыныш жағдайда оқыту

Қашықтықтан оқыту курстары студенттерінің аралық аттестациясы on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан да оқушылардың оқытушылармен сынақтар мен емтихандарда кездесуі алдында толқудың себептері аз. Субъективті бағалау мүмкіндігі болмайды: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйеге студенттің басқа пәндер бойынша үлгерімі, оның қоғамдық мәртебесі және басқа да факторлар әсер етпейді.

 

 

Оқытушы үшін ыңғайлылық

Қашықтықтан педагогикалық қызметпен айналысатын мұғалімдер, репетиторлар, оқытушылар студенттердің көп санына көңіл бөле алады және жұмыс орнында болмаса да жұмыс істей алады.

 

 

Жеке көзқарас

Дәстүрлі оқыту кезінде оқытушыға топтың барлық оқушыларына қажетті көңіл бөлу, әр адамның жұмыс қарқынына көңіл бөлу өте қиын. Дистанциялық технологияларды пайдалану студенттермен жеке жұмыс үшін қолайлы. Сонымен қатар, оқушы оқу қарқынын өзі таңдайды, ол тьютордан туындаған сұрақтарға жедел жауап ала алады.