ҚАЛАЙ?

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

"Прометей" қашықтықтан оқыту жүйесінің (ҚОЖ) көмегімен ғаламторда виртуалды университетті құрып, тыңдаушылардың көп санын қашықтықтан оқытуды жүргізуге болады, бұл ретте барлық оқу циклын — өтінімдерді қабылдаудан бастап қорытынды сертификатты беру туралы белгіге дейін автоматтандыруға болады. "Прометей" ҚОЖ корпоративтік құрылымдардың әртүрлі жобаларында, Беларусь,Қазақстан,Ресей, Украина және басқа да ТМД елдерінің жетекші оқу орындарында тиімді пайдаланылады.

"Оқу порталы" модулі "Прометей" ҚОЖ-ны оқытуды және контентті басқарудың кешенді жүйесі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңалықтар лентасын жүргізу және ақпараттық блоктарды өңдеу функциясының арқасында, бұл порталды компьютердің қатардағы пайдаланушысы басқарады.

Пайдаланушыларды топтық тіркеу және тыңдаушылар курсына топтық қабылдау функциялары ірі жобаларда "Прометей" ҚОЖ пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Тестілеудің үш режимнің бірі -тренинг — әрбір сұраққа жауап бергеннен кейін тыңдаушыға дұрыс жауап бергененін немесе дұрыс емес жауап бергенін хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл режимде тестілеу тыңдаушының жаңа материалды игерудің бастапқы, жиі ең маңызды сатысындағы қателіктерге қатысты жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүйедегі оқу үдерісін жоспарлаудың икемді құралдары жеке тыңдаушылар үшін топтық оқу жоспарларын кейіннен өзгерте отырып, құрастыруға мүмкіндік береді, бұл тьюторлардың жұмысын едәуір жеңілдетеді және жаппай оқытуды білім алушылармен жеке жұмыспен үйлестіруге мүмкіндік береді.

"Сүзу" және "алфавиттік пейджинг" құралдары үлкен көлемдегі тізімдегі навигацияны жеңілдетеді және деректер базасымен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

"Прометей" ҚОЖ интерфейсі украин, қазақ, әзірбайжан, ағылшын және француз тілдеріне локализацияланған. Жүйе LMS және SCORM 2004 стандарттарында курстар импортын қолдайды, сондай-ақ пайдаланушыларға өздерінің күнделікті қызметінде қашықтан оқытуды жаңаша қолдануға мүмкіндік беретін бірқатар қызықты мүмкіндіктерді ұсынады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • • Ыңғайлы интерфейс, игеру және пайдалануғаасқан қарапайымдылығы
  • • Клиенттік орындарға лицензиялардың болмауы
  • • Командалық жұмысқа негізделген онлайн-оқыту әдістемесін пайдалану мүмкіндігі (In-Team Works)
  • • Пайдаланушылар саны мен жүктеменің ұлғаюына қарай жоғары өнімділік пен масштабталу.
  • • Тесттердің 10 түрі, тестерде графика мен мультимедианы пайдалану мүмкіндігі
  • • Тапсырыс беруші мамандарының күшімен қосымша есептер құру мүмкіндігі.
  • • Бірнеше жүйені бірыңғай білім беру ортасына біріктіру мүмкіндігі
  • • Кадрлық, бухгалтерлік, ақпараттық және ERP-жүйелермен интеграциялау
  • • Сервердің ресурстарына және ҚОЖ клиенттік орындарына қойылатын талаптардың төмендігі
  • • Стандартты ҚОЖ жүйелік БҚ-мен бірге орнату бір күн ішінде жүзеге асырылады.

 

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • • Оқу порталы – "виртуалды университет" тұлғасы,web-интерфейс арқылы мамандар күшімен барлық материалдарды өңдеу мүмкіндігі
  • • электронды дүкендегісияқты курстарға тіркелу
  • • курстарды оқытудың күнтізбелік жоспарлары
  • • оқу-әдістемелік материалдарды ұйымдастырудың жаңа принципі — курсқа электрондық кітаптардың кез келген санын қосуға болады
  • • төлемдерді (шығындарды) есепке алудың икемді кіші жүйесі
  • • сертификаттарды тіркеу/берудің кіші жүйесі
  • • студент бір логинмен топтардың кез келген санына кіре алады
  • • рөлдерді біріктіру мүмкіндігі (тьютор бір уақытта ұйымдастырушы да болуы мүмкін;
  • • ұйымдастырушы толтыратын тыңдаушының қарым-қатынас тарихы
  • • бірнеше курстарды біріктіретін оқыту бағдарламалары
  • • оқу үрдісіне қатысушылардың қызметін кең бақылау
  • • web-интерфейс арқылы әкімшілік операцияларды орындауды автоматтандыру

 

ОҚУ ҮДЕРІСІ

  • • курстарды оқытудың күнтізбелік жоспарлары;
  • • өте қуатты тестілеу жүйесі;
  • • өзін-өзі тексеруге және емтихан тапсыруға арналған тесттер;
  • • сұрақтардың 10 түрі;
  • • сұрақтардың күрделілік және жауаптардың дұрыстығыкоэффициенттері;
  • • тест тапсырмасында сұрақтардан өтудің ерікті тәртібі;
  • • қатемен жұмыс.
  • • қарым-қатынастың дамытылған құралдары:
  • • хабарландыру;
  • • файл алмасу;
  • • пошта хабарламаларымен алмасу;
  • • форумдар;
  • чат;
  • • пікірлер кітабы;
  • • тест дизайнер-жоғарғы ыңғайлылық пен функционалдық;
  • • шағынтоптарда (In-Team Works);
  • • тыңдаушылардыңбелсенділігітуралыесептертьюторғаоларменжеке-жекеқарым-қатынасжасауғамүмкіндікбереді;