Добро пожаловать на сайт sde.sksu.kz

Содержимое главной страницы еще не создано.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІ ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУІН ТАПСЫРҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық кадр сапасын арттыруға бағытталған. Біліктілік тестілеуі түлектердің пән бойынша білімі мен оқыту әдістемесінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Мұндай жаңашылдық білікті педагогтер балаларымызға сапалы білім берулері үшін енгізіліп отыр. Биыл оқуын тәмамдаған жоғары оқу орындарының түлектері мен осы уақытқа дейін мектепте жұмыс істемеген педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруы тиіс. Тестілеуді тапсырып, қажетті балл жинаған түлектерді ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық біліктілік тестілеуінде біліктілігін дәлелдегеннен кейін түлектер өз кәсіби дағдыларын мектеп қабырғасында көрсете алады. Бұл жаңашылдық оқуын аяқтап, педагог болып жұмыс істеуге ниет білдірген тұлғаларға ғана қатысты. Яғни, жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге бұл талаптар қойылмайды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Қазақстандық жоғары оқу орындарына жаңашылдықтың орындылығы мен қажеттілігі туралы түлектер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды. Тестілеуді тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап жоғары оқу орындарына педагогикалық мамандықтар бойынша түсуге ниет білдірген түлектерге қойылатын талаптар күшейтілді. Егер бұрын ҰБТ-да болашақ педагогтер үшін шекті балл 50 болса, енді шекті балл 75-ке дейін көтерілді. Шәкіртақы көлемі де 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздегі барлық студенттің шәкіртақысы 20%-ға өсетінін айта кеткен жөн.

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

QS World University Rankings – один из наиболее влиятельных глобальных рейтингов университетов.

QS World University Rankings – один из наиболее влиятельных глобальных рейтингов университетов, разработанный в 2004 году. Ежегодно в исследовании оцениваются свыше 2,5 тысячи высших учебных заведений по всему миру. По его итогам составляется рейтинг 500 лучших университетов мира, а также рейтинги университетов по отдельным дисциплинам.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ұжымын ASIIN германдық агенттігінен халықаралық аккредиттеудің сертификаттарын алуымен құттықтаймыз!

Бакалавриаттың 6 бағдарламасы және магистратураның 2 бағдарламасы 7 жыл мерзімге сәтті аккредиттелді. Бұл аталған бағдарламалардың ASIIN–дегі үшінші аккредиттелуі. Сонымен қатар, кезекті рет 4 бағдарлама химия саласы бойынша үздік білім беру бағдарламаларына берілетін ECTN(Еуропалық химиялық тақырыптық желі) қауымдастығының Eurobachelor® сапа белгісінің иегері атанды. М.Әуезов атындағы ОҚУ-і Қазақстандағы бағдарламалары атаулы лейблдің иегері болған алғашқы университет болып табылады (2009 жылдан бастап).

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ КӘСІБИ СТАНДАРТТАР МЕН ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ.

М.Әуезов атындағы ОҚУ академиялық мәселелер жөніндегі департаменті кәсіби стандарттар мен жаңа мамандықтар Атласы негізінде жасалған білім беру бағдарламаларының тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
2021 жылы 01 сәуірінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедралары бірлесіп жасаған 7М07163 - «Минералды тұздар технологиясы және агрохимия» магистрлік жаңа пәнаралық білім беру бағдарламасы талқыланды. Презентацияны БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Сейітмагзимова Г.М. және БЗХТ кафедрасының доценті Қадырбаева А.А. дайындады.
Жаңа бағдарламаның бірегейлігі, оның пәнаралық байланысы және ауылшаруашылық дақылдарына тыңайтқыштарды өндіру және пайдалану, мал шаруашылығында жемшөптің өндірісі мен қолданылуын бақылау, агрохимиялық шараларды және агрохимиялық өнімнің химиялық сараптамасын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық салада жетілдіру. Мұндай салалық байланыс магистранттардың әртүрлі салалардағы жетістіктерді тез үйрену қабілетін дамытуға және өз салаларында өзара байыту мен дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.
7M07163-Минералды тұздар технологиясы және агрохимия БББ техника ғылымдарының магистрлері кәсіпорындарда сәйкес мамандандырылуының жетекші қызметтерін атқара алады: даму бойынша директор, бейорганикалық өндірістің инженер-технологы, ауылшаруашылығы саласында зертханасының меңгерушісі, бас агроном лауазымдарын атқара алады. өсімдіктерді қорғауға, ғылыми-зерттеу институттарында инженер-химикке, жоғары оқу орындарында оқытушыларға арналған.
«Химиялық инженерия және процестер» және «Топырақтану және агрохимия» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектері білім беру бағдарламасына түсе алады.

 

Әрі қарайғы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2021 жылы 11 ақпанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Ташкент сәулет-құрылыс институтының серіктестерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар мұғалімдерді тарту, студенттер мен магистранттарды академиялық алмасу, сондай-ақ сәулет, дизайн және құрылыс саласындағы бірлескен білім беру бағдарламасын құру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу нәтижесінде жоғарыда аталған міндеттер мен перспективаларды жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдардың алгоритмі бар жол каратасы бойынша іс-шара әзірленеді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты

 

Тікелей эфир!

2021 жылдың 12-қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде проректорлардың, факультеттер мен жоғары мектеп декандарының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын ескере отырып 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты кездесу өтті.

2021 жылдың 12-қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде проректорлардың, факультеттер мен жоғары мектеп декандарының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын ескере отырып 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты кездесу өтті.

Е.ТОҒЖАНОВ: КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТҮРІНЕ КӨШЕДІ

Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынды. Соған байланысты Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледжер қашықтықтан оқыту түріне көшеді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

"Бұл вирустың таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадам. Осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын. Тапсырманы орындауға қатысты комиссияның нақты шешімі қабылданды. Осыған орай орта білім беру ұйымдары 2020 жылдың 16 наурызынан бастап каникулға шығады. Каникул уақыты -16 наурыз бен 5 сәуір. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу. Сондай-ақ 16 наурыздан бастап колледждер мен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру", - деді Ералы Тоғжанов.